Семей облысы () — 1854–1920 жылдары Ресей империясының құрамында болған әкімшілік аумақ. Әкімшілік орталығы — Семей қаласы.

Тарихы Облыс алғаш 1854 жылдың 19 мамырында құрылды. 1882 жылдың 18 мамыры мен 1917 жылдың 4 наурызы аралығында Дала генерал-губернаторлығының құрамында болды. 1920 жылы тамызда Қырғыз АСКР-нің құрамына енді.

1920 жылы 11 желтоқсанда Семей губерниясы болып өзгертіліп түзілді. 1939 жылы Кеңес өкіметі кезінде Семей облысы болып, Қазақ КСР-інің әкімшілік бөлігінің бірі ретінде қайта құрылды.

Әкімшілік бөлінуі Облысқа 5 округ: Ішкі, Аякөз, Көкпекті, Қапал және Алатау қарады. Әр округқа 5 — 20 болыс қарады. Әр болыс 10 — 12 ауылдан тұрды. Әр ауылда 50 — 70 түтін болды. 1870 жылы жаңа әкімшілік бөлініске байланысты Семей облысы 4 округтан (Семей, Қарқаралы, Көкпекті, Павлодар) құрылды. XX ғасырдың басында облысқа 5 уезд кірді: № Уезд Уезді қала Ауданы, шақырым² Тұрғындар (1897), адам 1 Зайсан Зайсан (4 402 адам)34 960,095 072 2 Қарқаралы Қарқаралы (4 451 адам)186 370,0171 655 3 Павлодар Павлодар (7 738 адам)98 130,0157 487 4 Семей Семей (26 246 адам)69 880,0156 801 5 Өскемен Өскемен (8 721 адам)55 970,0103 575

Халқы thumb|right|200px|1893 жылғы Семей облысы болыстарының картасы Семей облысын қазақтардан басқа Ресейден қоныс аударған казак-орыстар да мекендеді. Олардың қоныстары бірте-бірте өнеркәсіп пен сауда орталығына айнала бастады. 1870 жылғы есеп бойынша Семей облысында 510163 адам тұрды. 1893 жылғы жалпы санақ бойынша облыста 684500 тұрғын болды. Олар негізінен Орта жүздің әр түрлі тайпалары мен руларының өкілдері еді (қ. Семей уезі, Қарқаралы уезі). 1897 жылғы облыстың ұлттық құрамы1897 жылғы Ресей империясы тұрғындарының алғашқы жалпы санағы:

Уез қазақтар орыстар татарлар украиндер Жалпы аймақ 88,3 % 9,5 % 1,5 % … Зайсан 93,5 % 5,4 % … … Қарқаралы 98,8 % … … … Павлодар 90,5 % 8,8 % … … Семей 78,0 % 16,6 % 4,4 % … Өскемен 78,4 % 18,1 % … 2,2 %

Облыстың жетекшілері Әскери губернаторлар Т. А. Ә. Атағы, шені, лауазымы Лауазымды орындау уақыты Спиридонов Пётр Михайлович полковник, л. а. 31.07.1854—09.03.1857 Панов Федор Андреевич полковник, л. а. (07.04.1857 бекітілген, генерал-лейтенант) 09.03.1857—08.03.1865 Колпаковский Герасим Алексеевич генерал-майор 08.03.1865—14.07.1867 Бабков Иван Федорович генерал-майор, л. уақытша а. 26.09.1867—25.03.1868 Полторацкий Владимир Александрович полковник, л. а. (генерал-майор атағына көтерілуіне байланысты 05.04.1868 ж. бекітілді) 25.03.1868—1878 Проценко Александр Петрович генерал-майор 23.05.1878—25.11.1883 Цеклинский Василий Саввич генерал-майор 21.12.1883—28.04.1887 Щетинин Орест Васильевич генерал-майор 28.04.1887—23.01.1891 Карпов Александр Федорович генерал-майор (генерал-лейтенант) 15.07.1891—23.10.1901 Соколовский Иван Николаевич полковник, л. а. 09.12.1901—27.06.1903 Галкин Александр Семенович генерал-майор (генерал-лейтенант) 27.06.1903—05.04.1908 Тройницкий Александр Николаевич статтық кеңесші (нақты статтық кеңесші), л. а. 05.04.1908—1913 Чернцов Федор Федорович статтық кеңесші (нақты статтық кеңесші) 1913—1917

Облыстық үкіметтің төрағалары мен әскери губернатордың жолдастары Т. А. Ә. Атағы, шені, лауазымы Лауазымды орындау уақыты Шубин Иван Павлович полковник 10.01.1855—20.10.1857 Ивков Олимпий Алексеевич подполковник, л. а. 13.01.1858—1868 Безносиков Константин Степанович полковник 14.06.1868—10.01.1869

Вице-губернаторлар Т. А. Ә. Атағы, шені, лауазымы Лауазымды орындау уақыты Безносиков Константин Степанович полковник (генерал-майор) 10.01.1869—20.10.1872 Чернавин Владимир Леонтьевич статтық кеңесші 24.11.1872—1885 Котюхов Василий Григорьевич нақты статтық кеңесші 21.06.1885—16.09.1889 Петухов Нафанаил Назарович нақты статтық кеңесші 16.09.1889—02.04.1896 Ладыженский Митрофан Васильевич статтық кеңесші 01.05.1896—08.08.1898 Ницкевич Николай Федорович статтық кеңесші (нақты статтық кеңесші) 26.08.1898—12.01.1907 Абаза Григорий Вениаминович статтық кеңесші 12.01.1907—19.06.1911 Савримович Георгий Александрович нақты статтық кеңесші 19.06.1911—1917

Бейнелемесі

Дереккөздер

Санат:Ресей империясы облыстары