Сегізбаев Сұлтан(1899 – 1939) – мемлекет қайраткері. 1932 – 37 ж. Қазақстан КП ОК-нің аппаратында, Солтүстік Қазақстан облысы партия к-тінің 1-хатшысы болды. 1937 – 38 ж. Өзбек КСР ХКК-нің төрағасы қызметін атқарды.

Өмірбаяны Шаруа отбасында дүниеге келген. Тегі қазақ.

1916 жылы Орта Азия көтерілісіне қатысқан. 1918 жылы РКП(б) қатарына кіреді. 1918-1919 жылдары - Түркістан КП(б) Аққорған болыстық комитетінің төрағасы.

1921 жылы Кронштадт көтерілісін басуға қатысты. Сол жылы «Қосшы» одағының жауапты хатшысы болды. Басмашылдыққа қарсы күресті ұйымдастырушылардың бірі.

Марапаттары Қызыл Ту орденімен марапатталған (1924).

Дереккөздер

Санат:Түркістан облысында туғандар Санат:Мәскеуде қайтыс болғандар Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1-шақырылымының депутаттары Санат:Өзбек КСР үкімет басшылары Санат:Өлім жазасына кесілген саясаткерлер Санат:Өзбекстан революционерлері