Профаза (propháse , , protos — бірінші, phasis — фаза) — митоз бен мейоздың бірінші фазасы. Жасушаның митоздық бөлінуі кезінде профазада жасуша ядросындағы хромосомалар ширатылып көрінеді және центросомадан митоз ұршығы қалыптасады. Мейоз профазасы — біріншілік сперматоциттер мен овоциттердің бірінші бөлінуінің бастапқы сатысы.

Мейоз профазасы кезінде жыныс жасушаларындағы гомологиялық хромосомаларда күрделі өзгерістер болып, олар бір-бірімен жақындасып гендерімен алмасады. Профаза бес сатыдан: лептотен, зиготен, пахитен, диплотен, диакинез сатыларынан өтеді.Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9 Дереккөздер

Санат:Цитология