thumb|right|200px|2025 жылғы Қазақстан пошта маркасындағы Наурызбай

Хакімжан Есімханұлы Наурызбай (27 тамыз 1925 жыл, 1-ауыл, Меңдіқара ауданы, Қостанай облысы – 4 қыркүйек 2009 жыл, Алматы) — кеңестік және қазақстандық мүсінші, Қазақстан халық суретшісі (1969), ұлттық кәсіби мүсін өнерінің негізін салушылардың бірі.

Өмірбаяны Харьков көркемсурет институтын бітірген (1951). Алматы көркемсурет училищесінде оқытушы (1951 - 1964; 1952 ж. осында тұңғыш рет мүсіншілер үйірмесін ұйымдастырды), аға оқытүшы (1980- 1985) Алматы сәулет-құрылыс институтында (қазіргі Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы) аға оқытушы (1982 - 1985) 1985 жылдан Алматы театр-көркемсурет институтында (қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясы) кафедра меңгерушісі, 1993 жылдан профессор.

Шығармалары "Абай" (1960, Алматы қаласында); Абай 1965, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл ауылы) "Шоқан Уәлиханов" (1969, Алматы қаласында; Қазақстан Мемлекетік сыйлығы, 1970; КСРО Көркемсурет академиясының дипломы, 1971). "Жамбыл" (1963, Тараз қаласында) "Мәншүк Мәметова" (1988, Орал қаласында) "Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов" (1990, Қостанай облысының Торғай ауданы Торғай ауылы) атты монументті ескерткіштері бар. thumb|right|200px|Х.Наурызбаев. Тараздағы Жамбыл ескерткіші. Шойын, гранит.

Ол 200-ден астам әр алуан ескерткіштер: "Амангелді Иманов", 1960, Қостанай облысы Амангелді ауданының орталығында)ъ Бюсттер "Құрманғазы", 1958; "М.Хакімжанова", 1961; "С.Қожамқұлов", 1962; С.Сейфуллин", 1964; Қазақстан Мемлекеттік өнер мұражайында; Қ.Сәтбаев, 1982, Павлодар облысы Баянауыл ауданы Сәтбаев атындағы кеңшарда thumb|right|200px|Х.Наурызбаев. Сераға. Гипс, 1961ж.

мүсіндік портреттер "Ы.Жақаев", Қызылорда облысы тарихи-өлкетану мұражайында; "А.Жұбанов", Ақтөбе облысы өлкетану мұражайында; екеуі де 1981 ж.) құлпытастар "Т.Тәжібаев "Ж.Саин" "Д.Нүрпейісова" үшеуі де 1965; "Т.Жароков", 1967; Х.Есжанов", 1979; жасаумен Қазақстанда мүсін өнерінің қалыптасып өркендеуіне зор үлес қосқан тұңғыш кәсіби мүсінші.

Әсіресе тарихи түлғалардың мүсіндерін сомдауда Наурызбай көркем бейнелілікке, кейіпкерінің жан-дүниесін психологиялық тұрғыдан тереңірек ашуға ұмтылды. "М.Әуезов" "С.Мұқанов" (1965, Қазақстан Суретшілер одағының көркемсурет қорында) "Жас Жамбыл" (1960, Мәскеу, Третьяков галереясында) "Шолпан портреті" (1965, Мәскеу, Третьяков галереясында) Социалиятік Еңбек Ері К.Дөненбаева (1972) "А.Н. Сызғанов" (1982, Қазақстан Мәдениет министрлігінің Көркемсурет көрмесінің дирекңиясы) т.б. портреттер бар.

Қосымша лауазымдары Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының (1959-1965) мүшесі. Лениндік сыйлығы тағайындау жөніндегі комитеттің (1961 - 1965) мүшесі. Марапаттары Алдабергенов атындағы ұжымшардың құрметті колхозшысы (1960, қазіргі Алматы облысы, Талдықорған ауданы) Ұзынкөл ауылың құрметті азаматы (1995, Қостанай облысы) Парасат Еңбек Қызыл Ту Октябрь Революциясы Құрмет белгісі орденімен, медальдармен марапатталған.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Дереккөздер

Санат:27 тамызда туғандар Санат:1925 жылы туғандар Санат:Меңдіқара ауданында туғандар Санат:4 қыркүйекте қайтыс болғандар Санат:2009 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:КСРО мүсіншілері Санат:Қазақстан мүсіншілері Санат:Қазақстан халық суретшілері Санат:XX ғасыр мүсіншілері Санат:XXI ғасыр мүсіншілері Санат:Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:Парасат орденінің иегерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:Харьков мемлекеттік дизайн және өнер академиясы түлектері Санат:Қазан төңкерісі орденінің иегерлері Санат:Алматы сәндік және қолданбалы өнер колледжі түлектері Санат:Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы түлектері Санат:Қазақ ұлттық өнер академиясының профессорлары