Мошкевич Виктор СемёновичҚазақстан энциклопедиясы, VI-том (8.10.1928 ж.т., Украина, Харьков) – аллерголог-дәрігер, медицина ғылымының докторы, (1975), профессор (1977). Харьков медицина институтын (1952) және Харьков Шет тілдер институтын (1950) бітірген. 1953 жылдан Қазақстанда, Алматы облыстық ауруханасында, қазіргі Гигиена және эпидемиология ғылыми-зерттеу орталығында ҚазөМУ-де, Ядролық қару салдарынан зардап шеккендерге арналған Медициналық-сауықтыру орталығында дәрігерлік, ғылыми және педагогикалық, басшылық қызметтер атқарды. Қазір Алматы қалалық аллергия орталық жетекшісі. Негізгі ғылыми еңбектері аллергология және иммунология мәселелеріне арналған. Ол капиллярлық-перифериялық (шеткі) қан айналысы бұзылуының диагностикасын анықтайтын жаңа әдіс – фотоплетизмографияны ойлап тауып, өндіріске енгізді. Соның нәтижесінде тыныс жолының аллергиялық ауруларын анықтайтын жаңа аспап – фотоплетизмографты жасап, оны клиникалық және ғарыштық медицинаға (Байқоңыр қаласында, 1980) енгізді. Тыныс алу жолдарының аллергиялық ауруларын арнайы шектелген (локалды) аллергендермен иммунды терапия арқылы емдеудің әдісін ұсынды (Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, 1980). 1995 жылдан осы әдіспен емдеу Қазақстанның барлық аллергиялық кабинеттеріне енгізілді. Аллергияға қарсы қолданылатын жаңа препарат – иммунды глобулинді жасап, оны апробациядан өткізіп, өндіріске енгізді (КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, 1990). Поллиноз ауруын емдейтін жаңа препарат – антиполлин жасап, өндіріске енгізді. Ол жаңалықтары мен өнертабыстары үшін 10 патент алған. Шығармалары: Фотоплетизмография, Мочевина, 1980; Клиническая иммунология и аллергия, А., 1992; Поллиноз, А., 2004.

Дереккөздер Фотоплетизмография, Мочевина, 1980 Клиническая иммунология и аллергия, А., 1992

Cілтемелер Поллиноз, А., 2004 Эпидемиология ғылыми-зерттеу орталығы Фотоплетизмография

Санат:Медицина Санат:КСРО мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:1928 жылы туғандар